Бағдад түрмесінде орын алған атыстан төрт күзетші және қамаудағы төрт адам қаза тапты

БАҒДАД. Ирақ ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қамаудағы 16 адам күзетшілердің қаруларын тартып алып, атысты бастаған. Басқа да хабарларға қарағанда, Польша Ирақтағы әскерлерін тағы бір жылға қалдыратын болды. Америка Құрама Штаттары Польша үкіметінің бұл шешімін жылы қабылдады.