АҚШ соты 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында қылмыс жасады деп айыпталған 85 жастағы қартты Украинаға жібереді

ВАШИНГТОН. Америка соты 2-нші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс фашистеріне белсенді түрде атсалысты деп айыпталған 85 жастағы украиндық Джон Демьянюкті туған елі – Украинаға табыс ету туралы үкім шығарды. Демьянюк – АҚШ-та қалу құқы үшін 30 жыл бойы күресті. Ол өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындамай, соғыс жылдарында қарапайым “соғыс тұтқыны болғанын” және ешқашан лагерде “шолақ белсенді” болмағанын дәлелдеп келеді.