Виктор Ющенко Ресеймен қатынаста феодалдық заманды артта тастауымыз керек деді

Жаңа жылға бірнеше сағат қалған сәтте Ресей мен Украина арасындағы газ сауда мәселесі әлі шешілмей жатыр. Ресей ескі келісім 1 қаңтарда аяқталады, жаңа баға бойынша келісімге Украина қол қоймаса 1 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша сағат онда газ тасымалы тоқтатылады дейді. Украина президенті Виктор Ющенко бүгінгі сөзінде ортақ шешім табуға шақырды, екі тараптың саяси қимылдары шектен шыққан жоқ, бірақ қарым-қатынасымызды реттеп алуымыз керек, феодалдық заманды артта тастауымыз керек деді. Ресей Украина газды әлемдік бағамен алсын, бір мың текше метр газға 50 доллар емес, 230 доллар төлесін дейді.