Германияда төбесі құлаған спорт ғимаратының ішінде тағы 4 адам қаза тапқан болуы мүмкін

БАД РЕЙХЕНХАЛЬ. Германияның оңтүстігіндегі Бад Рейхенхаль қаласында мұз айдынының төбесі құлап, кемінде 11 адам қаза тапқан болатын. Бүгін құтқару жұмыстары қайта жалғасты. Құрбан болғандардың көбі - балалар. Полицияның айтуынша, апат салдарынан тағы 4 адам қаза тапқан болуы мүмкін. Шатыр құлаған кезде ғимараттың ішінде 50-ге жуық кісі болған.