ЖАҢАЛЫҚТАР Душанбеде өрт салдарынан 13 бала құрбан болды 8 қаңтар 2006 жыл, 18:05 ДУШАНБЕ. Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде ақыл-есі кем балаларға арналған үй өртеніп, кемінде 13 бала қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, 79 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Бұл оқиғаны тергеу үшін парламенттік комиссия құрылды.