Германия канцлері Ангела Меркел бүгін Ресейге алғашқы ресми сапарын жасамақшы

Ресей елбасы Владимир Путинмен кездесуі барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік жайы, Ресейдің Батыс елдерін энергия көздерімен қамтамасыз етуі және Иран ядролық бағдарламасына орай мәселелер сияқты сауалдар талқыланбақшы. Бір күндік сапары барысында Меркел ханым Ресейдегі адам хұқықтарын қорғау ұйымдары өкілдерімен де кездесетін болады.