Бүгін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы турасындағы алтыжақты келіссөздің жаңа айналымы басталады

Бейжін. Алты ел - Жапония, Қытай, қос Корея мен Ресей, АҚШ өкілдері қыркүйек айындағы соңғы басқосуда қол жеткен келісімдерді нақтылайтын болады. Онда Солтүстік Корея экономикалық көмек пен қауіпсіздік кепілдіктері берілсе, ядролық бағдарламадан бас тартуға уәде еткен-ді, алайда кейіннен Солтүстік Корея энергия өндіретін реакторлық агрегат беруді талап еткен болатын. Кеше сөйлеген сөзінде АҚШ президнті Дж. Буш Солтүстік Кореяның келісімгерлерімен талқылауларда шыдамдылық таныту қажет деді.