БҰҰ Халықаралық атом қуаты агенттігінің басшысы Мохамед әл-Барадей АҚШ-тан Иранды ядролық реакторлармен қамтамасыз етуге үндеді

Сондай-ақ, Мохаммед әл-Барадей Ираннан өзінің уран байыту бағдарламасына 8 жылдық мораторий жариялауын талап етті. Давостағы саммит кезінде айтқан сөзінде әл-Барадей, Иран әлемдік қауымдастықты, бізде ядролық қарулар жоқ деп сендіруі үшін кемінде 8 жылдай уақыт керек, деді.

Бұл арада кеше Иран, Мәскеудің Иран уранын байыту жөніндегі ұсынысы онша қолайлы емес, деді. Ирандық мәмілегер Ларижанидің айтуынша, Мәскеудің ұсынысы бойынша талқылаулар болмақ.