Қырғызстан парламентінің спикері Өмірбек Текебаев жақын күндері қазіргі қызметінен бас тартпақшы, оның айтуынша бұл оның жеке өз шешімі

Бішкек. Текебаев орнынан кететіндігі туралы ресми түрде дүйсенбі күні, 13-ақпанда Парламент сессиясында жариялаймын деген. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ақпанның бас кезінде Парламентті кәсіби жұмыс жасай алмай отыр деп сынға алған болатын. Текебаев президенттің сыны әділетсіз деп жауап берген.