Пәкістанның солтүстігінде орын алған жарылыстан кемінде 30 адам қаза тапты

ХАНГУ. Бұл шабуыл Ашура мерекесін атап өтіп жатқан шиит мұсылмандарына бағытталған. Хангу қаласында болған бұл жарылыстан кейін шииттердің ашу-ызасы шығып, дүкендерді өртеген. Сосын атыс басталып, бірнеше кісі құрбан болған. Атыс салдарынан, сондай-ақ, 50-ден астам адам жарақат алған.