Рафик Харири өлтірілген күнді жарты миллион адам атады

Ливан астанасы Бейрутте жарты миллиондай адам жиналып, бұрынғы бас министр Рафик Харири өлтірілген күнді атады. Харири былтыр 14 ақпанда қастандықпен өлтірілді. Бұдан соң орын алған құбылыстардың арқасында Сирия Ливанда отыз жыл ұстаған әскерін әкетті. Бейрутте болған демонстрацияны Хариридың ұлы Саад Әл-Харири басқаратын антисириялық бірлестік ұйымдастырды. БҰҰ арнайы комиссиясы Рафик Хариридың өлтірілуін тергеп жатыр, комиссия қылмысқа Сирия қауіпсіздік мекемелерінің басшылары және олардың ливандық сыбайластырының қатысы бар дейді. Сирия үкіметі мұны жоққа шығарады.