Ауған елбасы Хамид Қарзай бүгін Пәкістанға келді

Екі күндік сапары барысында ол Пәкістан елбасы Первез Мушарафпен, өкімет басшысы Шауқат Азизбен және басқа да ресми өкілдермен кездеспекші. Ауғанстанға өткен қарашадан бері Талибан тарапынан шабуылдар көбейе түскен. Сол шабуылдарды тоқтатуға Пәкістан тарапы одан әрі күш салуы тиіс деген сауал күн тәртібінде тұр.