Британ тарихшысы неміс нацистерінің еврейлерді жүйелі түрде қырғанына көз жеткізді

ВЕНА. Кеше ағылшын тарихшысы Дэвид Ирвинг – “Холокост қасыретін” жоққа шығарғаны үшін Вена сотында 3 жыл мерзімге түрмеге кесілді. Д.Ирвинг өз айыбын мойындады. Ол неміс нацистерінің Освенцим лагерінде газ камералары болған жоқ деген сөзінің қате екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 2-нші дүниежүзілік соғыс жылдарында нацистердің еврейлерді жүйелі түрде қырғанына өзінің көзі жеткен. 1989-ыншы жылы Д.Ирвинг Аустрияда “Холокост қасыретінің” ауқымын жоққа шығарып екі рет сөз сөйледі. Аустрияда мұндай сөз қылмыс болып саналады. Өткен қараша айында ол Венаға келген бойда түрмеге жабылды.