Ресей елбасы Владимир Путин мен Әзірбайжан елбасы Илхам Алиев бүгін Бакуде кездесті

Сапар барысында онсыз да жақсы байланыстарды одан әрі күшейте түсу көзделуде. Атап айтқанда, әскери сала мен Каспий мұнайына қатысты көптеген келісімшарттарға қол қойылмақшы. 2000-шы жылы елбасы болғалы бері Путиннің бұл Әзірбайжанға жасап отырған екінші сапары.