М.Ходорковскийді түрмеге жапқан Кремль енді Б.Березовскийді қолға алмақшы

МӘСКЕУ: Ресейдің Бас прокуратурасы белгілі кәсіпкер Б.Березовскийге қарсы жаңа қылмыстық іс қозғады. Бас прокуратурадан хабарланғандай, оған Ресейдегі билікті күштеп басып алуға бағытталған іс-әрекет жасады деген айып тағылып отыр. Наурыздың 1-і күні Б.Березовский тұрып жатқан Ұлы Британияға оны елге қайтаруды талап ететін құжаттар жіберілді.