Түркияда күрд сепаратистері үкімет күштеріне қарсы белсенді іс-қимылға көшті

АНКАРА. Бүгін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ван қаласында белгісіз біреу полиция көлігіне бомба тастап, болған жарылыстан кемінде 3 адам мерт болып, тағы 10 шақты адам жараланды. Бұл қастандықты әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алған жоқ. Бірақ Түркия баспасөзі болған оқиғаны күрд сепаратистерінің белсенді іс-қимылға көшуімен байланыстырады.