Ресей бұрыңғы Совет одағынан қалған Алжирдің берешек 4 млрд 74 млн доллар қарызын кешіп отыр

Сондай-ақ, Алжир Ресейден 7 млрд 500 млн долларға Ресей әскери қондырғыларын сатып алмақ. Бұл жөнінде президент Путин өзінің Алжир сапары кезінде жариялады. Путин кеше Алжир елбасы Абдулазиз Ботефликамен кездесіп, экспорт мәселесін талқылады.