Мексикада бүгін су мәселесі жөніндегі Әлемдік төртінші форум өз жұмысын бастады

Жер бетіндегі су қорлары мен оның болашағы туралы талқылаулар өткізетін мұндай форум әр үш жыл сайын ұйымдастырылады. Әлемде 1 миллиардтан астам адам су тапшылығын көріп отыр, күн сайын олардың 35 мыңдайы су жетіспеушілігі, құрғақшылықтан өледі. Әлемдік су форумы, сондай-ақ су қорларын еркін нарықта қалдыру болмаса үкіметтер билігіне беру керек пе деген мәселені де талқыға салады.