АҚШ-тың Ирақтағы соғысының 3 жылдығына байланысты наразылық шерулері болып өтті

Испания астанасы Мадридте 4 мыңдай адам ереуілге шықса, Брюсселдегі АҚШ елшілігі алдында 2 мыңдай адам жиналды. Чикагодағы 7 мың кісілік шеруде АҚШ-тың әскерлерін Ирақтан қайтару керек деген талап айтылды.