Израиль Палестина мен қайырымдылық ұйымдарының талабын еріксіз орындады

ИЕРУСАЛИМ. Бүгін Израиль полициясы Иерусалим қаласында зор жарылғышты тиген көлікті қолға түсірді. Көлікке отырып келе жатқан бірнеше палестиналық азаматты тұтқындады. Сондай-ақ Израиль полициясы лаңкестік шабуылдардан сескеніп осыдан 2.5 ай бұрын жабылған Газа аймағымен арадағы ең басты Карни бақылау-күзет өткелін бүгін қайта ашты. Палестина автономиясының экономикасын дағдарысқа соқтырады деп мәлімдеген Автономия үкіметі мен халықаралық қайырымдылық ұйымдары ол өткелді ашуды көптен бері талап етіп келген болатын.