Оппозиция жетекшісі А.Милинкевич өз қолдаушыларының сайлаудан кейінгі іс-әрекеттері үшін ризашылығын білдірді.

«Меніңше ресми әкімшілік қоғаммен өзара тіл табысып, өзара мәмілеге келе алмайтындығын тағы да көрсетті. Ол халықпен сөйлесе алмайды, олар күш қолдануды, жалған айтуды ғана біледі», - деді Милинкевич.

АҚШ мемлекеттік департаменті Минскідегі бүгінгі полиция тірлігін айыптады. Еуропа одағы да Беларусь әкімшілігінен тұтқындалған оппозиционерлерді босатылуын талап етіп, азаматтардың еркіндік құқын бұзбауға шақырды.