Болгарияның әскери базасын АҚШ жасақтары пайдаланатын болады

АҚШ пен Болгария Америка әскерилерінің Болгария жерінде орналасуына мұрсат беретін келісім турасында уағдаластыққа қол жеткізген. Келісімге келесі айдағы НАТО сыртқы істер министрлерінің ресми емес кездесуі барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Болгарияға сапары кезінде қол қойылуы тиіс.