Бүгін Нигерияда Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тэйлор қамауға алынды

Бұл туралы Нигерия полициясы хабарлады. Тэйлорға соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылған. Нигерия президенті Тэйлорды тезарада Либерияға тапсыру керек деді. Соғыс қалмыстары бойынша Сиерра-Леондағы халықаралық трибунал да Тэйлордың тапсырылуын сұраған болатын.