Өткен бір жылда бүкіл әлемде 65 журналист қаза тапты

Халықаралық баспасөз институтының жылдық есебі бойынша, өткен бір жылда әлемде жұмыс бабымен жүрген 65 журналист қаза тапқан. Олардың екеуі - Ресейде, біреуі - Беларусь елінде, сондай-ақ, Ауғанстан және Әзербайжаннан бір-бірден.