Беларус оппозициясының басшысы Александр Козулин тергеушіге жауап берді

Ол 25 наурызда наразылық демонстрациясы кезінде қамалған болатын. Адвокаттың айтуына қарағанда, Козулин бұзақылық жасады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Козулинның адвокаты ол алты жыл түрмеге кесілуі мүмкін дейді. Беларус оппозициясы 19 наурыздағы сайлау әділетсіз болды, сайлау қайта өтсін деп талап қойып отыр.