Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесін мойындамаймыз деді

Иранның БҰҰ-ындағы өкілі Әли Асқар Солтани уран байыту жайындағы шешімімізді бұзу мүмкін емес деді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иран жөнінде мәлімдемені бірауыздан қабылдаған, Иранның уран байытуды тоқтатқан-тоқтатпағанын Халықаралық атом энергетика агенттігі 30 күннен кейін баяндасын деп ұйғарды. Иран мәселесі кеше Берлинде АҚШ, Британия, Франция, Қытай, Ресей және Германия сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сөз болды.