Беларус оппозиция лидері Александр Милинкевич бүгін Австрия астанасы Венаға барады

Бұл сапары барысында Милинкевич Еуроодақ өкілдерін Беларус үкіметіне одан сайын қысым көрсетуге шақырмақшы. Милинкевич 19-шы наурызда өткен президент сайлауына үміткер ретінде түскен еді. Алайда президент Александр Лукашенко үшінші рет қайта сайланғаннан кейін, оппозиция жақтастары Беларусте наразылық шараларын өткізген болатын. Оның салдарынан жүздеген адам қамауға алынды.