Беларус оппозиция басшысы Александр Милинкевич бүгін Венаға келді

Сапар барысында ол Австрия канцлері Вольфганг Шуссельмен кездеседі. Арнайы келген сапарында ол Еуропа одағының Лукашенко өкіметіне қысымын көбейтуге шақырмақшы. Наурыздың 19-дағы президенттік сайлаулар әділетсіз болды, деп Милинкевич қарсылық шерулерін бастап келеді. Ал, Аустрия болса, қазіргі кезде Еуропа одағына төрағалық етеді.