Осы арқылы Қытайдың ядролық өнеркесібіне отын ретінде уранды экспорттауға мүмкіндік жасалмақшы. Бұл үдеріс Қытай өкімет басшысы Вен Жиабаоның Австралияға сапары барысында жүзеге асып отыр. Уранды тасымалдау 2010-шы жылға дейін жүзеге асырылмайтын болады. Жыл сайын уран тасымалы 20 мың тоннаға жеттпекші. Аталған келісімшарт бойынша ол уранды әскери мақсатта пайдалануға және үшінші елге сатуға тиым салынады.