Либерияның бұрынғы президенті оған тағылған айыптарды мойындамады

Сиерра Леондағы халықаралық трибуналда Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тэйлор оған тағылған айыптарды жоққа шығарды. Тэйлорға соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылған. Ол 28-ші наурызда Нигерияда ұсталған болатын.