Қырғызстан парламенті 24 наурыз күнін Халық революциясының күні деп атаудан бас тартты

Былтыр 24 наурызда халық көтерілісінің нәтижесінде президент Асқар Ақаев биліктен кетірілген болатын. Парламент депутаттары бұл күнді ұлттық мейрам деп жарияламас бұрын, алдымен сол күнгі оқиғаларға "объективті баға" берген жөн деп ұйғарды.