Қырғызстанда төңкеріс кезінде зардап шеккен 800-дей кәсіпкер салықтан босатылады

Бүгін Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы комитетінің басшысы Ахматбек Келдібеков, 2005 жылы президент Асқар Ақаевты биліктен кетірген наурыздағы төңкеріс кезінде заттары талан-таражға түскен кәсіпкерлер салықтан босатылатыны жайында хабарлады. Сол төңкеріс кезінде шамамен 800-дей кәсіпкер зардап шеккен.