ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш баспасөз құралдарының “Вашингтон Иранға соққы беруді көздейді” деген хабарын “құлақ естімеген дақпырт” деп бағалады. Өткен жексенбі күні “Вашингтон пост” және “Нью-Йоркер” басылымдары АҚШ басшылығы Иранға қарсы соғыс қимылдарын бастау жоспарын шындап ойластырып жатыр деп хабарлады. Кеше тағы Ақ үйдің өкілдері тағы да: “Вашингтон - Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылады, бірақ өзге де мүмкіндіктерді назарынан тыс қалдырмайды”, -деп мәлімдеді. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи АҚШ проблеманы келіссөз арқылы шешуге емес, керісінше дағдарыс туғызуға ұмтылып отыр деп атап көрсетті.