Украинаның ірі үш либералды партиясы хаттамаға қол қойды

Украина президентінің “Біздің Украина”, бұрынғы премьер министр Юлия Тимошенконың блогы және Социалистер партиясының жетекшілері келер коалициялық үкіметті жасақтауға жол ашатын құжатқа қол қойды. Олар келісімнің соңғы вариантына парламенттің бірінші жұмыс күнінде қол қоюды жоспарлаған. Одан кейін барып одақтастар Жоғары Рада спикерін сайлап, үкіметті құруға кіріседі.