Суи Тианкай мен Әли Ларижани арасындағы кездесу Техранда болды. Ресми Техранның “реакторға қажет дәрежеде уранды байыттық” деп мәлімдеуіне орай қазіргі кезде Иранның ядролық бағдарламасына байланысты теке-тірестер әлемде күшейе түсуде. Қытайлық қонақ сапары осымен тұспа-түс келіп отыр.