Иранның ядролық бағдарламасы Парсы шығанағындағы елдерді алаңдатып отыр

Иранның ядролық бағдарламасы Парсы шығанағындағы елдерді алаңдатып отыр деп мәлімдеді Парсы Шығанағындағы ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Абдул-Рахман бин Хамад әл-Аттия. Йемен астанасында журналистерге берген сұхбатында Аттия халықаралық қауымдастықты Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық түрде шешуге шақырды. Алайда ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытуға барлық елдердің құқықтары бар деді Аттия.