Қатар да Палестина үкіметіне қаржылай көмектесетін болды

Қатар Палестина үкіметіне көмек ретінде 50 миллион доллар береміз деп уәде етті. Ал оның алдында Иран да Палестина автономиясына дәл осынша қаржы бөлетіндіктерін жариялаған еді. АҚШ пен Еуроодақ “Хамас” тобының Израильді мойындамауына байланысты Палестина үкіметіне қаржылай көмектерін тоқтатып қойған болатын.