Эрк партиясы Өзбекстандағы президенттік сайлауға өз кандидатымен қатыспақ

Еуропа елдерінің бірінде саяси сүргінде жүрген оппозициялық Эрк партиясының жетекшісі Мұхаммад Салық Өзбекстанда 2007-жылы болатын президенттік сайлауға үміткер ұсынамыз дейді.

- Біз ол сайлауға қатысуға дайындалудамыз. Төрт-бес айдан кейін үміткерді атаймыз. Ол менің болуым шарт емес. Бұны партиямыздың Орталық кеңесі шешеді, - деді Салық.