Чернобыль апаты салдарынан он мыңдаған адам қаза тапты

Халықаралық табиғат қорғау ұйымы Гринпистің мәліметіне қарағанда, осыдан 20 жыл бұрын Чернобыльда болған жарылыс салдарынан он мыңдаған адам ауырып қайтыс болады. Ал БҰҰ дерегі бойынша, Чернобыль апатынан 4 мыңдай адам рак ауруына кезігіп дүниеден өтеді екен.