Сыртқы істер министрінің орынбасары бұрынғы барлау полковнигімен соттасуда

Алматыда Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің арызымен барлау қызметінің бұрынғы полковнигі Арат Нарманбетовтың үстінен сот ісі басталды. Нарманбетов Қазақстанда шығатын газеттердің бірінде ақпанның 11-інде өлтірілген саяси қайраткер А.Сарсенбайұлы мен оның 2 көмекшісінің қазасына Рахат Әлиевтің қатысы жөнінде айтқан болатын.