Ауғаныстан парламенті ел министрлерін бекітіп жатыр

Ауған парламенті жаңа сыртқы істер министрі қызметіне президенттің сыртқы істер бойынша кеңесішісі болған Рангин Дадфар Спантаны бекітті. Жаңа министр Спанта батыста білім алған демократ. Ауғаныстанның жаңа құрылған парламенті президент Хамид Қарзай ұсынған 25 министрді бекіту үшін дауыс беріп жатыр.