Ирақтың жаңадан тағайындалған премьер-министрі шииттер мен сүниттер, күрдтер өкілдерімен бірге ұлттық үкімет құрамын тез арада жасақтаймыз деді

Ирақтың жаңа Конституциясына сәйкес, әл-Маликидің жаңа үкімет құрамын парламенттің мақұлдауына ұсынуы үшін 30 күн уақыты бар. Ирақ президенті болып Жалал Талабани қайтадан тағайындалды.