Непалда шерулер жалғасуда

Непал астанасында полиция мен наразылық танытушылардың арасында болған қақтығыстан кемінде 23 адам жараланды. Катмандуда мыңдаған көтерілісші коменданттық тәртіпті бұзып, 18 күн бойы наразылық шараларын өткізуде. Оппозиция Гьянендра патшасынан елде демократиялық қоғам орнатуын талап етуде.