Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад баспасөз мәслихатында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне арнайы жауабын жариялады

Иранның ядролық шаралары айқын деді ол. Техранның ядролық бағдарламасының әскери мақсатты көздейтіндігіне ешқандай дәлел жоқ, деді президент. Бағдарлама бейбіт мақсатты көздейді, дей келіп Ахмадинежад мырза, Иранға қарсы тиым қажетті шара емес, деді.