ЕҚЫҰ Әндіжан оқиғасына қатысты түрмеге жабылған 15 кісінің сотын қайтадан өткізу керек дейді

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Өзбекстан билігін Әндіжандағы көтерілісті ұйымдастырды деп айыпталған 15 адамның сотын қайта өткізуге шақырды. Аталған ұйымның баяндамасына сәйкес, түрмеге жабылған әлгі 15 адамның соты әділ өтпеген. Өзбекстан билігі Әндіжан оқиғасында 187 адам қаза тапты, олардың көбі лаңкесттер десе, ал құқық қорғушылардың айтуынша, қауіпсіздік күштері наразылық танытуышларға қарсы оқ атып, жүздеген қарапайым халықты өлтірген.