АСТАНА. Бүгін, сәрсенбіде, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Франческо Франжиаллимен кездеседі. Ол жайында кеше Парламент Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ бүгін Мәжіліс депутаттары Мұхтар Шаханов пен Нұртай Сәбильянов журналистермен брифинг өткізуді жоспарлап отыр.