Иранның ядролық бағдарламасы дағдарысын шешуде халықаралық атом энергиялық агенттігі шешуші рөл атқаруы тиіс

Бұл жөнінде Ресей президенті Владимир Путин Германия канцлерімен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты. Томск қаласындағы осы мәслихат барысында Ангела Меркел ханым халықаралық қауымдастықтың бірлесе қимылдап, дипломатиялық шешім жасауына шақырды.