Белорусияда митингіге шыққан оппозициялық жастар жетекшісі жауапқа тартылды

Бүгін Минск соты оппозициялық жастар жетекшісін рұхсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 14 күнге абақтыға жабу жөнінде үкім шығарды. Змитсер Дашкевич сәуірдің 26-сында Минскіде Чернобыль жолы деп аталған шеруге қатысқан болатын. Тағы төрт оппозиция жетекшісіне, оның ішінде бұрынғы президенттіктен үміткер Александр Милинкевичке де кеше осындай айыптар тағылған.