Талибан жасақтары Ауғаныстанда жұмыс істеп жатқан үндістандық мердігерлер 24 сағаттың ішінде елден шықпаса, оларды өлтіреміз деп айтқан. Талибан өкілі Қари Мохаммед Юсуф үндістандықтарды Американың тыңшысы деп айыптаған. Бір үнді азаматын оның ауғандық жүргізушісімен қоса Забул провинциясында ұрлап әкеткен. Осыған дейін де, талибан жасақтары Ауғаныстандағы шетелдік жұмыскерлерді ұрлап әкетіп, кейбірін өлтірген болатын.