Бүгін Парижде Иран мәселесі қаралады

Иран Сыртқы істер министрі Манучехр Моттақидің мәлімдеуінше, Ресей мен Қытай Иранның ядролық бағдарламасына орай Теһранға қарсы санцияларды немесе әскери әрекетті қолдамайды. Бұл туралы Моттақи Ирандық басылымға берген сұхбатында айтты. Ал бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүше елі мен Германия өкілдері Парижде кездесіп, Иран мәселесін талқылайды.